Оралда «Рухани жаңғыру» музейі ашылды
Музей, ХІХ ғасырдың соңында салынған тарихи ғимаратта орналасқан. Бұл да мұражайдың маңызын айшықтай түскендей. Тәуелсіздіктің тұғыры бекіген сайын төл тарихты танып білуге талпыныс артуда. Сондықтан жаңа музей ұлттық рухын іздеп, түп-тамырына үңілген әрбір жанға рухани азық бермек. Нысанның ашылуына жиналған жұртшылықты құттықтаған өңір басышысы, игі іс Елбасы тапсырмасы аясында жүзеге асқанын атап өтті. - Осы музейге біздің тарихымыздан сыр шертетін жәдігерлер қойылады. Мәдениетіміздің жетістіктері, ата-бабаларымыздың мұрасы орын табады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өңірдегі киелі ж