Оралда «сақалды» құрылыс өзге мердігердің қолына табысталды
Әңгіме Сарытау шағын ауданындағы тоқтап тұрған мектеп құрылысы жөнінде. Енді жұмыс бастаған кәсіпорынның міндетін дұрыс орындамауына байланысты келісім шарт бұзылып, істі өзге мердігер жалғастыратын болды. Осыған дейін құрылыс-монтаж жұмыстарын "Св-плюс" ЖШС мойнына алған еді. Қазір кәсіпорын жауапсыз мердігер деп танылып отыр. Айта кетейік, компания директоры ұлттық экономиканың экс министрі Қуандық Бишимбаевтің ісін қарау кезінде айыптылардың бірі ретінде жауапқа тартылған болатын. Сот үкіміне сай Сәбит Утебалиев 85 млн. теңге айыппұл төлеуге міндеттелді. Негізі мектеп былтыр желтоқсан айынд