Оралда шаһардың қысқа дайындығы талқыланды
Орал қаласындағы 1222 көпқабатты үйдің жартысы жылыту маусымына дайын. Бұл туралы Орал қалалық әкімдігінде өткен алқалы жиында айтылды. Қазір қалған тұрғын үйлерде жылу, су, кәріз құбырларын жамап-жасқап, ретке келтіру жүруде. Осы орайда жылма жыл әзірлікке жауапсыз қарап, салқын түсе сандалатын баспана тұрғындарымен түсінік жұмыстары жүргізілген. - Пәтер иелері кооперативіне кірмейтін баспаналар бар. Жылма жыл Оралдағы жеті жатақхана және бірнеше үй бойынша проблема туындайтын еді. Олар Ульяна Громова 2/1, 24, 24/1, Еуразия даңғылы 88/1, Құрманғазы 111, Луговая 47/1, Покатилова 69/1. Осыған о