Оралда тағы 2 апатты үй сүрілді
Оралда тағы 2 апатты үй сүрілуде. Қабырғасы қақырап, құлаудың аз-ақ алдында тұрған қос баспана осыдан 60 жыл бұрын салынған. Скоробогатов көшесіндегі апатты үйді паналап келген 17 отбасы келер жылы сыры кеппеген жаңа көпқабатты тұрғын үйге қоныстанатын болады. Жетпістен асқан кейуана Мария Арыстанова Скоробогатов көшесіндегі ескі үйге 20 жыл бұрын көшіп келген. Тұрмыстық жағдайға байланысты ауылдан қалаға бет алған жанұяның бар жиған терген ақшасы осы баспанаға жетіпті. Жылдар өткен сайын үйдің қабырғалары әбден жарылып, іргетасы отырып кеткен. Кейуана мамыр айында отбасымен бірге көршілері се