Оралда тəуелсіздік күніне орай жаңа мектеп қолданысқа беріледі
Бұл жөнінде қала əкімдігінде өткен жиында мəлім болды. 900 орындық білім ордасы Зашаған кентіндегі Сарытау шағын ауданында орналасқан. Жоспар бойынша мектеп 15-желтоқсанда салтанатты түрде ашылмақ. Қазіргі таңда мердігерлер нысан басында соңғы жұмыстарын атқарып, қажетті құрал-жабдықтар мен мектеп жиһаздарын орналастыруда. Нысан құрылысы 2016 жылы басталған болатын. Ұлттық қордан және жергілікті бюджеттен қаржыландырылып отырған құрылыстың жалпы сомасы – 1 миллиард теңгеден асады. Биылғы жылдың маусымынан бастап құрылысты «Жиенбай» ЖШС жалғастырған болатын. Аяқталуын көптен күткен құрылыс үшін