Оралда «Тұрғын үйді жаңғырту» бағдарламасы бойынша бөлінген қаражат жетіспей отыр
Жөндеуге зəру көп қабатты тұрғын үйлердің мəселесін шешуде тұрғындар үшін өте қолайлы саналатын бағдарлама бойынша биылға бөлінген қаражат 68 млн теңгені құрайды. Бұл ақшаға тек 3 үйді ғана күрделі жөндеуге болады. Ал қалада "Тұрғын үйді жаңғырту" бағдарламасының шапағатын көреміз деп үміттерін үкілеп отырған тұрғандар саны күрт артып отыр. Себебі ел бағдарламаның тиімділігін түсіне бастаған. Оның үстіне қыста түскен қалың қар біраз көп қабатты үйдің шатырын опырып, ақ ұлпаның салмағына шыдас бермеген төбелерден су сорғалауда. Ескі үйлердің бірі-Жəңгір хан 11 мекен-жайында орналасқан. Тұрғында