Оралда «Тұрғын үйді жаңғырту» бағдарламасымен жөндеу өтіп жатыр
Придорожный, 1/1 мекен-жайының тұрғындары шатырдан аққан тамшыдан, дымқыл сыздан әбден мезі болғандарын айтып шағымданып отыр. Олардың барлық шағымдары «Алмаз» ПИК-нің жұмысына қатысты. Айтуларынша, тұрғын үйде тіпті қажетті деп танылған ағымдағы жөндеу жүргізілмеген. Орал қаласында тап осындай үйлер аз емес. Бір қиындықтарға тап бола қалса, тұрғындар ПИК-нің жұмысына мін тағып, ай сайын төлеген ақшамыз қайда кетті деп байбалам салады. - «Біздің жертөлеміз тазаланбайды. Дегенмен бұл жұмыс пен санитарлық тазалау пәтер иелері кооперативінің қызметіне енбейді дейді. Өздерің тазалаңдар, көшеге шығ