• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

ОРАЛДА ТЕРІ ӨҢДЕЙТІН ЖАҢА ЗАУЫТ АШЫЛАДЫ

Ауыл шаруашылығы саласында шикізат бар, бірақ оны өңдеу ісі кенжелеп тұр. Бұл мәселе біртіндеп шешілмек. Бір мысал, облыс орталығында тері өңдейтін кәсіпорын салынуда. Жаңа зауыт құрылысы жыл соңына дейін аяқталмақ. – Зашаған кентінде испаниялық инвестор және жергілікті кәсіпкер Р. Ирменовтің қатысымен ұсақ және ірі қараның тері-терсегін өңдейтін зауыт салынады. Жобаның құны – 5 млн. 300 мың еуро. Қазан айында құрылыс жұмыстары аяқталады, қазір іргетасы қалануда, – деді Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Марат Оңғарбеков брифингте. Оның айтуынша, көктемгі егіске бөлінетін жанар-жа
ОРАЛДА ТЕРІ ӨҢДЕЙТІН ЖАҢА ЗАУЫТ АШЫЛАДЫ
Ауыл шаруашылығы саласында шикізат бар, бірақ оны өңдеу ісі кенжелеп тұр. Бұл мәселе біртіндеп шешілмек. Бір мысал, облыс орталығында тері өңдейтін кәсіпорын салынуда. Жаңа зауыт құрылысы жыл соңына дейін аяқталмақ.  
runo
runo
– Зашаған кентінде испаниялық  инвестор және жергілікті кәсіпкер Р. Ирменовтің қатысымен ұсақ және ірі қараның тері-терсегін өңдейтін зауыт салынады. Жобаның құны – 5 млн. 300 мың еуро. Қазан айында құрылыс жұмыстары аяқталады, қазір іргетасы қалануда, – деді Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы  Марат Оңғарбеков брифингте. Оның айтуынша, көктемгі егіске бөлінетін жанар-жағармай құны нарықтағыдан 10 пайыз төмен болмақ. Өңірге егіске қажетті 12 мың тонна көлемінде жанар-жағармай бөлуге тапсырыс берілген. Биыл күздік дақылдардан мол өнім алынады және биылғы егіннің шығымдылығы жоғары болады деп  болжануда. Қора-қопсыда ыбырсып, әр жерде бір шашылып жататын тері-терсек пен жұн-жұрқаны кәдеге асырар сәт туды. Қалада тері өңдейтін жаңа зауыт құрылысы сәуірде басталған еді. Қазір жұмыс көлемі 80-90 пайызға орындалған. Іс басында 70 адам еңбек етуде. Солардың бірі НҰРХАТ РАҚЫМЖАНОВ өзіне жұмысының ұнайтынын айтады. Осында дәнекерлеуші болып қызмет істегеніме алты ай болды. Құрылыс басталғалы жұмыс істеп жатырмын. Мамандығыма сай болғасын, жұмыстың қиындығы жоқ. Жұмы қарқыны жақсы. Шикізат тек өзіміздің аудан-ауылдан ғана емес, көрші өңірлерден де алынбақ. Ірі қара және ұсақ малдың терісі Испаниядан әкелінетін жабдықтарда өңделеді. Қазір 7 мың шаршы метр аумақта зауыт құрылысы ғана емес, асхана, әкімшілік ғимарат, химиялық заттар мен шикізат, дайын өнімді сақтайтын қоймалар салынуда. - Зауыттың қуаттылығы күніне 2,5 мың дана қойдың және 700 ірі қараның терісін өңдей алады. Ерекшелігі – кәсіпорын соңғы технология құралдарымен жұмыс істейді және басқа зауыттарға қарағанда зиянды химиялық заттар қалдықсыз өндіріледі, - дейді учаске басшысы ЕРЛАН ИЛЬЯСОВ. Жаңа кәсіпорынның жобалық құны 2,2 млрд. теңге. Зауыт «ПОШ-Руно» серіктестігінің инвестициялық қаржысына салынуда. Кейін жоба іске қосылған кезде жұмсалған қаражаттың 30 пайызы субсидияланады. 100-дан аса жаңа жұмыс орны ашылады. Ал зауыттан шығатын сапалы былғары өнімі өз елімізбен қоса, Тайланд, Ресей елдеріне жіберілмек.  
Арман Курманалиев
Главный баннер --> after article