Без рубрики
ОРАЛДА ВЕЛОТҰРАҚ ОРНАТЫЛДЫ
«Ақжайық» стадионының кіреберісіне велотұрақ орнатылды. Жаттығуға не жұмысқа «шайтанарбамен» баратын үлкен-кіші үшін бұл нағыз қажеттілік. Игі істі «Нұр Отан» партиясының бастауыш ұйымы қолға алған. Аңсардың үйінен «Ақжайық» стадионына дейін жарты сағаттық жол. Футбол командасында жаттығатын ол мұнда велосипедпен келеді. «Бұрын «қос дөңгелекті» көлігімізді қоярға жер таппайтын едік. Тұрақ салғалы мәселеміз шешілді» дейді великті серік еткен жан. - Бұрын мына тұрақ болмаған кезде велосипедті ішке стадионға алып кіріп, баспалдақпен көтеріп, әуре-сарсаңға түсетін едік. Енді қазір тұрақ салып, жақ