Оралда жаңа мектептің құрылысы аяқталды
Сарытау ауданындағы бұл білім ордасын мердігер кəсіпорын 2016-жылы тұрғызып бастады. Алайда қолға алған ісіне жауапсыз қараған компания тапсырыс берушіні жерге қаратты деуге негіз бар. Онсыз да мектептерде бала санының артуынан орын жетіспей жатырған сəтте жоба мерзімінен кешіктіріліп, уақытында тапсырылмады. Құрылысшылардың жауапсыздығынан былтыр желтоқсанда тəмамдалуы тиіс жұмыс біраз уақыт тоқтап қалған болатын. Осы келеңсіз жайттан соң жартылай атқарылған жоба өзге мердігердің қолына табысталып, соның арқасында құрылыс жалғасты. Енді мектеп ғимараты оқушыларды қабылдауға дайын болып отыр.