Оралда жаңадан бой көтергелі жатырған «Ақжайық» шағын ауданына инфрақұрылым тартылуда
Орал қаласының «Ақжайық» деп аталатын шағын ауданда жүз елу көп қабатты тұрғын үй салынады. Және тоғыз жалпы білім беретін мектеп, сегіз мектепке дейінгі мекеме, жетпіс сегіз спорт нысаны және үш емхана салынады деп жоспарланып отыр. Бүгінде шағын аудан бой көтеретін аумақта инженерлік инфрақұрылым жүргізу жұмысы басталған. Инфрақұрылым жұмысын атқаратын мердігерлер жұмыстарды биыл аяқтауға қауқарлы екендіктерін мәлімдеді. -«Жаңа «Ақжайық»шағын ауданына ұзындығы он шақырым болатын газ құбыры тартылады. Бұл жұмыстар үшін 329 миллион теңге қаражат бөлініп отыр. Жалпы ұзындығы он бір шақырым бола