Оралда жастарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында бүгін 15 қараша күні өтті. «Жастарға жұмыс» атты жәрмеңке облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өтті. Орталық басшысының орынбасары Назерке Құрамысованың айтуынша, жәрмеңкеде облыс бойынша 80-ге жуық жұмыс беруші мен 2000-ға тарта бос жұмыс орны тіркелген. – Жұмыс берушілердің қатарында мемлекеттік мекемелер, құқық қорғау құрылымдары, қаламыздағы өнді-ріс ошақтары, жеке компаниялар және аудандардағы жастармен жұмыс жөніндегі орталық өкілдері бар. Тағы ерекше атап өтетін жайт, мұнда өңір тұр