Оралда жедел сатыларды ауыстыруға 125 млн. бөлінді
Бұл жөнінде тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі хабарлады. Аталмыш жұмыстар "Тұрғын үйді жаңғырту" мемлекеттік бағдарламасы бойынша атқарылмақ. Бөлінген қаражатқа 4 жедел саты ауыстырылады. Құрманғазы көшесі 112 мекен-жайындағы 9 қабатты тұрғын үйде жедел саты істен шыққанына 1 айдай уақыт болған. Тұрғындар ең жоғары қабатқа да жаяу баспалдақпен көтерілуге мәжбүр. Былтыр жедел сатының өндіруші зауыттан шыққан қызмет көрсету мерзімі аяқталып, техникалық тексеруден соң бір жылға жұмысын ұзартқан. Жыл сайын адам көтеруге арналған құрылғы күтімді қажет етеді. -«Жеде