Оралда жолақыны SMS-хабарлама арқылы төлеуге болады
Оралда ертеңнен бастап жолақыны sms-хабарлама арқылы төлеуге болады. «Smart city» аясында қолға алынған "SMS BUS" жүйесіне бірнеше қоғамдық көлік қосылады. Электронды билет алу үшін тек ұялы телефон ғана қажет. Жолақыны қолма-қол ақшамен төлеу тәсілі де сақталады. Шаһарда «Smart city» жобасы былтырдан енгізіле бастады. Қазірдің өзінде «Ашық әкімдік», «Онлайн-КСК», «Қауіпсіз аула» жүйелері жұмыс істейді. Ендігі кезек – қоғамдық көлікте. Электронды билет желісін алғаш боп алматылықтар қолға алды. Тәжірибе алу үшін қалалық әкімдік мамандары оңтүстік астанаға іссапармен барып қайтқан. Жаңа жүйені