Оралдағы жәрмеңкедегі баға 15-20 пайыз төмен
Орал қаласында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жалғасуда. Әдеттегідей бұл жолы да жәрмеңкеге жиналған жұрттың қарасы қалың. Таңертеңгі тоғыз болмай жатып мұнда сауда көрігі қызған. Бастысы баға - қолжетімді. Мәселен халыққа ұсынылған ауылшаруашылығы өнімдерінің құны нарықтағыдан 15-20 пайызға төмен. Жәрмеңкені аралаған облыс әкімі Алтай Көлгінов бағаларды бағамдап, жұртшылықпен тілдесті. - Етті 1200 теңгеден алып жатырмыз. Бағасы көңілге қонымды. Үнемі осында арзан болады. Сондықтан сенбі сайын етпен қатар азық-түлікті алып қалуға тырысам дейді, - қала тұрғыны Сағынғали Абухалықов. Келісі 1200 тең