Оралдағы жеке секторларға су шектеліп беріледі
Бұл туралы Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков өзінің Instagram парақшасында хабарлады. Иллюстративное фото из архива "МГ" - Құрметті оралдықтар! Өздеріңізге жеткізгендей, соңғы күндері қала бойынша ауыз су беру белгіленген кестеге сәйкес жүргізілуде. Оның басты себебі - жазғы мезгілде ауыз су тұтыну мөлшері өсуіне және қалалық кәріздік желідегі қайта құру жұмыстарына байланысты болып отыр. "Батыс Су Арнасы" мекемесімен қалаға мамыр айында орташа тәуліктік су беру көлемі 49 500 м3 болса, қазіргі уақытта 55 000 м3 жетіп отыр. Екіншіден, апатты жағдайдағы Шолохов көшесіндегі айналмалы кәріздік к