Оралдық 90 отбасы баспаналы болды
Тұрғындардың қуанышы мерекемен тұспа-тұс келді. Зашаған кентінде 90 отбасы жаңа пәтердің кілттерін қолдарына алып, қоныс тойларын тойлады. Тұрғын үй елбасының "Бес әлеуметтік бастамасының" мұрындық болуымен іске асып жатырған «7-20-25» бағдарламасы аясында табысталып отырған алғашқы үйлердің бірі. Құрылыс жұмыстары 2017-жылдың қараша айында басталған болатын. Жаңа баспананың салтанатты түрде табысталуы рәсіміне өңірімізге арнайы жұмыс сапарымен келген «Нұр Отан» партия төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев пен облыс әкімі Алтай Көлгінов қатысты. -«Баспана кез келген отбасы үшін болаша