Оралдық ардагерлер аға буын жас ұрпақтың тәрбиесіне үлес қосуда
Облыстық ардагерлер кеңесінің кезекті пленумы өтіп, қоғамдағы өзекті мәселелер талқыға түсті. Өңірімізде 86 мыңнан аса зейнеткер бар. Оларды әлеуметтік қолдау тетіктері жыл өткен сайын артып келеді. Игі іс тіпті тоқырау кезінде де тоқтаған емес. Бұған қоса жүздеген кәсіпорын қарияларды қошеметтеуге арналған түрлі шараларға ұдайы демеушілік көрсетуде. Ал ауыл-аймақта оларға «Жас Отан» мен жастар ұйымдарының мүшелері қолғабыс қылуда. - Аға буынды қалдау әрқашан мемлекет назарында. Мәселен зейнетақы 2016 жылғы деңгейден 20 пайызға артып отыр. Сонымен қатар 2017 жылдың бірінші қаңтарынан бастап ай