Оралдық қос театр туындылары – Астана төрінде
Батыстың театр өнері – Астана төрінде. EXPO-да өтіп жатқан Батыс Қазақстан облысының күндері аясында Оралдағы қос театр ұжымы өнер көрсетуде. Алғашқы күні Хадиша Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры Еврипидтің «Троя арулары» трагедиясын, ал А.Островский атындағы драма театр Жан Батист Мольердің «Лекарь поневоле» комедиясын сахналады. Қос классикалық шығарманы да елордалық көрермен ыстық ықыласпен қабылдады. Көрермен залында – аншлаг. Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ драма театрының сахнасында облыстық қазақ драма театры әкелген «Троя арулары» трагедиясы жүруде. Қо