• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

ОРАЛДЫҚ КӘСІПОРЫН «ЭКСПО 2017» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСАДЫ

Облыстық кәсіпкерлер палатасы мектеп оқушыларының болашақ мамандық таңдауына өз көмегін тигізуде. Қалалық №16 мектеп оқушылары «Стекло сервис» жауапкершілігі шектеулігі серіктестігінің өндіріс орнын аралап, шыны өндірісінің жұмыс барысымен танысты. Шыны өндіру зауыты - бүгінде өңірдегі жетекші кәсіпорындардың бірі. Компания өнімдері тек елімізде ғана емес, өзге де мемлекеттерге танымал. «Мемлекеттік қолдау мен ұйымшыл ұжымның нәтижесі мол жетістікке жеткізуде» дейді кәсіпорын басшылығы. Қазіргі таңда өндірісте 70-тен астам жұмысшы еңбек етуде. Сондай-ақ, кәсіпорын «ЭКСПО 2017» халықаралық көрм
ОРАЛДЫҚ КӘСІПОРЫН «ЭКСПО 2017» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСАДЫ
Облыстық кәсіпкерлер палатасы  мектеп оқушыларының болашақ мамандық таңдауына өз көмегін тигізуде. Қалалық №16 мектеп оқушылары «Стекло сервис» жауапкершілігі шектеулігі серіктестігінің өндіріс орнын аралап, шыны өндірісінің жұмыс барысымен танысты.
steklo
steklo
Шыны өндіру зауыты - бүгінде өңірдегі жетекші кәсіпорындардың бірі.  Компания өнімдері тек елімізде ғана емес, өзге де мемлекеттерге танымал. «Мемлекеттік қолдау мен  ұйымшыл ұжымның нәтижесі мол жетістікке жеткізуде» дейді кәсіпорын басшылығы. Қазіргі таңда өндірісте 70-тен астам жұмысшы еңбек етуде. Сондай-ақ, кәсіпорын «ЭКСПО 2017» халықаралық көрмесіне өз өнімдерін ұсынатынын мақтаныш сезіммен жеткізді. - Кәсіпорын өнімдерінің халықаралық көрмеге қатысуы біз үшін үлкен мәртебе. Алғашында 3 қызметкермен ғана құрылған болатынбыз. Қазіргі таңда өндіріс ауаны кеңейіп, өнімдерімізді көрші мемлекеттерге шығара бастадық. Сапалы өнім зор сұранысқа ие, - дейді «Стекло Сервис» ЖШС бөлім басшысы АНАТОЛИЙ ГАЛИЦКИЙ.    Оқушылар зауыт өндірісіне, шикізат өнімдеріне қызығушылықпен қарап,  серіктестік жұмысымен танысты. Үлкен кәсіпорынның зор ісі оларға ерекше әсер қалдырды. - Мен әйнек өнімдерінің қалай жасалатынына, олардан қалай өнім алатынына куә болдым. Зауытты аралап, олардың жұмысымен танысу маған ұнайды. Жаңа мәліметтерге қанық болдым, - дейді №16  мектеп оқушысы РОМАН НАУМОВ.                  Мектеп оқушыларының өндірістік кәсіпорындарды аралауы бірінші рет емес. Облыстық кәсіпкерлер палатасы осыған дейін де жоғары сынып оқушыларына мамандық таңдауда бағыт-бағдар берген. Арнайы  әдістемелік құралдар таратып, сынып сағаттарын да өткізген.             - Бүгінде жоғары сынып оқушылары болашақ мамандық жайында ойлануда. Біз оларға көмектесуіміз керек. Мүмкін, олардың арасынан осы салаға қызығушылық танытатындар бар шығар.  Біздің мақсатымыз - жастарға дұрыс бағдар беру, - дейді БҚО кәсіпкерлер палатасының  бөлім басшысы АЙГҮЛ ӘБІЛҚАЙЫРОВА.          Жыл басынан бері кәсіптік бағдардағы іс-шараларға үш мыңға жуық оқушылар қамтылған.   Анықтама: Экспо 2017 — Қазақстанның елордасы Астана қаласында Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ұйымдастырылатын Халықаралық көрме. Көрме 2017 жылдың 10 шілде мен 10 қыркүйек дейін аралығында өтеді. Ұйымдастырушылармен таңдалған тақырып Future Energy (Болашақ қуаты) болып табылады.   Арман Курманалиев  
Главный баннер --> after article