• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Оралдықтар велошеруге қатысты

Соңғы бір апта бойы Оралдықтар мен қала қонақтары бас шаһардың күніне арналған түрлі мәдени-спорттық шараларға куә болды. Алыс-жақыннан келген меймандар да Жайық жағасындағы сұлу қаланың туған күніне өз үлестерін қосты. Мереке күндері мыңнан астам адам велошеруге қатысу үшін сөреге тұрды. Велошеруге қатысуға тілек білдірген оралдықтар мен қала қонақтары теннис корты алаңына ертемен жиылды. Көтеріңкі көңіл күйді спортты серік еткендердің жүздерінен анық аңғаруға болады. Олардың арасында елімізді күллі әлемге танытып жүрген саңлақтар да бар. Солардың бірі Данияр Елеусінов. Мұхиттың арғы жағында
Оралдықтар велошеруге қатысты
Соңғы бір апта бойы Оралдықтар мен қала қонақтары бас шаһардың күніне арналған түрлі мәдени-спорттық шараларға куә болды. Алыс-жақыннан келген меймандар да Жайық жағасындағы сұлу қаланың туған күніне өз үлестерін қосты. Мереке күндері мыңнан астам адам велошеруге қатысу үшін сөреге тұрды.
veloprobek (7)
veloprobek (7)
Велошеруге қатысуға тілек білдірген оралдықтар мен қала қонақтары теннис корты алаңына ертемен жиылды. Көтеріңкі көңіл күйді спортты серік еткендердің жүздерінен анық аңғаруға болады. Олардың арасында елімізді күллі әлемге танытып жүрген саңлақтар да бар. Солардың бірі Данияр Елеусінов. Мұхиттың арғы жағында өткен 31-ші жазғы олимпиадада бокстан Қазақстанның көк байрағын көкте қалықтатқан ол Оралдағы мұндай шеруге алғаш рет қатысып отырғандығын, мұндай шара бұқаралық спортты дамытудың бірден-бір жолы екендігін айтады. Төреші белгі берісімен сөредегі мыңнан астам адам жарыс жолына аттанды. Олар жалпы ұзындығы 10 шақырым болатын қашықтықтықты бұйым құрлы көретін емес. Велошеруге қатысушылардың жас ерекшеліктері де әр түрлі. Айта кетейік, соңғы жылдары бұқаралық спортты серік етіп, салауатты өмір салтын ұстанғандар саны өңірімізде күн санап артып келеді. Ауыл-аудандарда да велоспорт мектептерінің іске қосылуы сөзіміздің дәлелі. Осыдан бір жыл бұрын Ақжайық ауданында ашылған «Жігер» спорт клубының шәкірттері де осы жарыс жолында көппен бірге мәре сызығын қиды. Бұдан соң велошеруге қатысушылардың реттік нөмірлері бойынша лоторея ойындары ойнатылды. Жүлдеге тігілген фитнес клубына бір жылдық тегін абономенттер, спорттық велосипедтер және даңқты спортшы, жерлесіміз Данияр Елеусіновтың қолтаңбасы жазылған боксер қолғаптары өз иелерін тапты. Өзім бір жыл болды велоспортпен шұғылданып жүрмін. Бүгін тап осындай сыйлық ұтып аламын деп ойлаған да жоқпын. Әрине, қуаныштымын. Бұған дейінгі қолданған велосипедімді енді сыйға тартатын болармын. Мұндай шаралар жиі өткізіліп тұрса деймін, - дейді жарысқа қатысушы Никита БАТЮКОВ. Бірнеше күн бойы Жайық жағалауын әсем күйге бөлеген мерекелер де өз мәресіне жетті. Бұл шара түрлі деңгейдегі әлеуметтік, мәдени-спорттық шаралармен ерекшеленсе, оралдықтар мен қала қонақтары сүйікті шаһарға деген ыстық ықыластарын іс жүзінде дәлелдеді. Арман Курманалиев
Главный баннер --> after article