Оралдықтар жаңа əліпби бойынша диктант жазды
Диктантқа 100 мыңнан астам Батыс Қазақстандық қатысты. Оларға жарты сағат уақыт берілді. Айта кетейік, республика бойынша жаңа қазақ әліпбиі графикасымен жалпы халықтық диктант алғашқы рет өткізілуде. Оның мәтіні Елбасының "Болашаққа бағдар "Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласына арналған. Аталмыш шара бұл күні еліміздің түпкір-түпкірінде ұйымдастырылып, оған он бес жастан жоғары мектеп оқушылары, студенттер, мемлекеттік қызметкерлер мен облыс тұрғындары қатысып отыр. Диктант барысында аудиожазба арқылы 50-60 сөзден тұратын мәтінді тыңдап, сауатты түрде латын графикасымен парақ бетіне түсіру