Оралдықтар жәрмеңкеден 2,5 миллион теңгенің өнімін сатып алды
Орал қаласында биылғы жылдың маусымашар жәрмеңкесі болып өтті. Ауыл шаруашылығы және бау-бақша өнімдері сатылған жәрмеңкеге Сырым, Қаратөбе, Бәйтерек, Теректі аудандары мен Орал қаласының шаруа қожалықтары, кәсіпорындары қатысты. Ықсанов көшесінің бойында өнімдер базар мен дүкендердігімен салыстырғанда 25-30 пайызға арзанға сатылды. Мәселен, еттің келісі 1200 теңгеден болса, картоп 50 теңгеден сатылып, 5,7 тоннасы өтіп кетті. Бұдан өзге 35 000 дана жұмыртқа, 13 бас сиыр еті, 7 бас жылқы еті, 3 тонна балық сатылды. Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Сейдірұлы аталмыш шараға арнайы барып, өні