Оралдықтарға жəрмеңкеде 200-ден астам бос жұмыс орны ұсынылды
Жəрмеңкеде жастарға жұмысшы мамандықтар бойынша 200-ден астам бос жұмыс орны ұсынылды. Жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, бір жерден қажетті мамандық иелерін қабылдауға бағытталған шараға 39 жұмыс беруші қатысып отыр. Осылайша биылғы жылдың ең соңғы жəрмеңкесі ұйымдастырылып, сантехник электрик, құрылысшы, дəнекерлеуші, тас қалаушы, қырнаушы, жүргізуші сынды жұмысшы мамандықтарға зор сұраныс бары байқалды. Бос жұмыс орындары жəрмеңкесі əдеттегідей Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында оздырылды. -"Облыс орталығында жыл басынан бері ұйымдастырылған осындай жəрмеңкелер көмегімен 3200 адам тұра