Оралдың Солтүстік-Шығыс бөлігінде 27 көп қабатты тұрғын үй салынады
Көп қабатты тұрғын үйлер «7-20-25» бағдарламасы бойынша бой көтеріп, жаңа аудан пайда болғалы тұр. Аталмыш аудандағы жұмыспен БҚО әкімі Алтай Сейдірұлы Көлгінов барып танысты. Бүгінгі күні ауданда жеті үйдің іргетасы құйылып жатыр. -«Облыс орталығындағы халық саны жыл санап артып келеді. Елбасымыздың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» Үндеуінде айтылған «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында бой көтере бастаған шағынауданда бірнеше көп қабатты тұрғын үй салынады. Бүгінде барлық инфрақұрылымы тартылып, екі көп қабатты үйдің құрылысы басталды. Сондай-ақ бұл ауданнан мектеп, балабақ