Без рубрики
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ ЖАҢА «ӘН-МҰХИТ» ҚОЙЫЛЫМЫМЕН АШЫЛДЫ
«Мәңгілік елдің алтын адамы». Осындай атаумен Оралда ақын-драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, халықаралық «Алаш» және тәуелсіз «Тарлан» сыйлықтарының иегері Иран-Ғайып атындағы республикалық театрлар фестивалі ашылды. Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық мерейтойына арналған өнер бәйгесінде «Ән-Мұхит» драмалық дастанының тұсауы кесілді. Осы қойылыммен БҚО қазақ драма театрының ХХІV маусымы да ашылды. Қазанның 22-сінде басталған фестиваль 5 күнге созылады. Өнер бәйгесіне елдің шығысы мен батысы, оңтүстігінен 4 театр қатысуда. Атап айтқанда, Алматыдан Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік акаде