«Рухани жаңғыру» бағдарламасы жастар көзімен
Жастардың «Рухани жаңғыру» бағдарламасына қатысты көзқарасы кезекті жиындардың бірінде ортаға салынды. Ақсақалдар кеңесінің мүшелері «Ырыс алды – ынтымақ» атты дөңгелек үстел барысында студенттермен бірге Елбасымыздың стратегиялық мақаласын талқылады. Бұқаралық сананы өзгертіп, болашаққа нық қадам басу мәселелері келелі жиында тереңнен толғанды. Сан саланы қамтитын Елбасы мақаласы өнер мен мәдениетке тікелей қатысты. Қасиетті орындар мен әр өңірдің мақтанышына айналған жерлер де осы бағдарлама арқылы насихатталмақ. Көнекөз қариялар қауымы да мұны тілге тиек етіп, жастар қауымына ұлттық ділді