«Рухани жаңғыру» жобасы аясында ұйымдастырылған шаралардың санынан гөрі сапасы маңызды болуы керек
Өңірге жұмыс сапарымен келген Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Дархан Мыңбай осылай деп мәлімдеді. Достық үйінің төрінде өткен алқалы жиында Елбасының тікелей тапсырысымен қолға алынған «Рухани жаңғыру» жобасы талқыға түсті. Батыс Қазақстан облысының басшысы Алтай Көлгінов мәртебелі мейманға 90-нан аса этнос тұратын Ақжайықтағы өңірлік ассамблеяда 130-ға тарта мүше, 20 мыңнан аса белсенді, 52 этномәдени орталық барын жеткізді. Достық үйінде облыстық Ассамблея мен оның құрылымдық бөлімшелерінің, барлық этно-мәдени орталықтардың жұмыс жасауы үшін де толық жағдай бары айтылды. О