2 часа назад

Батысқазақстандық спортшы садақ атудан әлем чемпионы атанды

Ақтау қаласында дәстүрлі садақ атудан әлем біріншілігі өтуде.

Садақ атудан Эльнара Серікова әлем чемпионы атанды
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының фотосы

Ақтау қаласында 17-21 тамыз аралығында дәстүрлі садақ атудан әлем чемпионаты өтуде. Батысқазақстандық жасөспірім Эльнара Серікова сайыста топ жарды. Жеңімпаз ару 16-17 жас санатында «Қалқан» нысаны бойынша бірінші орын иеленді. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстау облысының орталығында өтіп жатқан байрақты бәсекеге Қырғыстан, Өзбекстан, Ресей мен Қазақстан құрамасы қатысып жатыр. Құралайды көзге атқан 70 астам мерген додада бақ сынауда.


Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp