Талдықұдыққа таза ауыз су жетті
Қазталов ауданының Талдықұдық ауылдық округі тұрғындары үшін берекелі жыл болды десек артық болмас. Шалғайда орналасқан ауылда былтыр көгілдір отынмен қамтылса, биыл орталықтағы С.Есетов атындағы білім ордасы күрделі жөндеуден өтті. Ал ауыл тұрғындары үшін басты мәселе болған таза ауыз су жүйесін іске қосу «AMANAT» Казталов аудандық филалының сайлауалды бағдарламасына енген болатын. Сол сайлауалды бағдарлама облыс, аудандағы атқамінер азаматтардың араласуымен іске асты. Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Талдықұдық ауылында таза ауыз мәселесіне нүкте қойылып, таза су қондырғысының құрылыс ж