• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

ТҮЛЕКТЕРДІҢ 74 ПАЙЫЗЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСҚАН

Жастарды жұмыспен қамту – өзекті мәселелердің бірі. Бұл түйіткілдің алдын алу үшін жұмысты қазірден, аудитория партасында отырған жас буыннан бастау керек. Оларды пайдалы ақпаратпен қаруландыру қажет. Бүгін осы мақсатта Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да мемлекеттік бағдарламалардың мән-маңызы түсіндірілді. Хан Жәңгір атындағы білім ордасы өз түлектерінің жерде қалмай, қалаулы қызмет табуына әрдайым мүдделі. Биыл оқу орнын 930 бакалавриат және 156 магистрант бітіріп шықпақ. Түлектерді жұмысқа орналастырудың бір тетігі - мемлекеттік бағдарламалар мүмкіндігін айдалану. Сондықтан бүгінгі кездесуде «Биз
ТҮЛЕКТЕРДІҢ 74 ПАЙЫЗЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСҚАН
Жастарды жұмыспен қамту – өзекті мәселелердің бірі. Бұл түйіткілдің алдын алу үшін жұмысты қазірден, аудитория партасында отырған жас буыннан бастау керек. Оларды пайдалы ақпаратпен қаруландыру қажет. Бүгін осы мақсатта Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да мемлекеттік бағдарламалардың мән-маңызы түсіндірілді.
ent5
ent5
Хан Жәңгір атындағы білім ордасы өз түлектерінің жерде қалмай, қалаулы қызмет табуына әрдайым мүдделі. Биыл оқу орнын 930 бакалавриат және 156 магистрант бітіріп шықпақ. Түлектерді жұмысқа орналастырудың бір тетігі - мемлекеттік бағдарламалар мүмкіндігін айдалану. Сондықтан бүгінгі кездесуде «Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамту жол картасы» және «Агробизнес» бағдарламаларының игілігі түсіндірілді. - Жұмыс берушілердің тарапынан жұмыс орындарының болмау сеьептеріне байланысты біздің түлектеріміздің көпшілігі өздерінің мамандықтары бойынша жұмысқа орналаса алдмай жатады. Сол үшін осы бағдарламаларды пайдаланып, ауылдық жерге барғанда, қосымша бизнеспен айналысып немесе қалада осы әлеуметтік бағдарламаларға қатыссын деген мақсатта жастарға ықпал еткелі отырмыз, - дейді Жәңгір хан атындағы БҚАТУкәсіптік практика және түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімінің ЖЕТЕКШІСІ Бейбіт НӘСИЕВ Мониторинг бойынша 2016 жылғы түлектердің 74 пайызы тұрақты жұмысқа орналасқан. Соның ішінде 250 жас «Жұмыспен қамту» бағдарламасының үшінші бағыты – жастар практикасы бойынша қызметке кіріскен. Нәтиже бар. Сондықтан қиналмай қызмет табумызға мұндай кездесулердің пайдасы мол дейді 4-ші курс студенттері. - Бүгінгі кездесуде мамандар «Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамту жол картасы» және «Агробизнес» бағдарламаларын түсіндірді. Бұл шарадан өзімізге керек көптеген мағлұмат алдық. Болашақта өзім де осы бағдарламаларға қатысамын деп ойлаймын, - дейді Жәңгір хан атындағы БҚАТУстудентіСерікбол ТӨЛЕГЕНОВ. Университетте мемлекеттік бағдарламаларды насихаттаушы мамандармен қатар, шетелдік кәсіпорындар өкілдерімен де кездесулер жиі өткізіліп тұрады. Нәтижесінде өткен оқу жылында 20 түлек кен игеруші компанияларға жұмысқа орналасқан. Бұл іс биыл да жалғасын таппақ.  
Арман Курманалиев
Главный баннер --> after article