Без рубрики
ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ ЕГУ ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ
Қазанның 1-інен бастап облыста тұмауға қарсы екпе егу шарасы басталды. Өңірдің 45 мың тұрғыны тегін ем ала алады. Қажетті дәрі-дәрмек пен құрал-жабдықты алуға 39,5 млн теңге бөлінген. Бұл туралы бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары мәлім етті. Салқын тию мен тұмаудың эпидемиологиялық кезеңі қазан айынан басталады. Жұқпалы дертке қарсы екпе егу шарасы да осы уақытты қамтиды. Өңірдегі емханаларда жабдықталған арнайы бөлмелерден қажетті ем алуға болады. Тегін вакцина бірінші кезекте 1 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдерге, қарттар мен дипансерлерде ем қабылдайтын жандарға б