Тұрғындар заңсыз ақша жинап келген кооперативті сотқа бермек
Пәтер иелері кооперативімен текетірестен шаршаған қала тұрғындары оны сотқа берді. Тек ақша жинауды ғана білетін «билікқұмарлар» басқа шауып болды дейді олар. 5-ші шағын аудан тұрғындары бассыздыққа қол қусырып қарап отырмай, «Еламан» кооперативінің қаржылық-шаруашылығын тексерткен. Нәтижесінде мемлекеттік кірістер департаменті бірқатар заңбұзушылықты анықтаған. Ал ПИК иесінің өз уәжі бар. Жеделсатының аты бар да, заты жоқ. 6 жылдан бері жұмыс істемейді. Ол аздай дәлізде былтырдан бері жарық жоқ. ПИК қызметі мен жарыққа тұрақты түрде төлеп келеміз дейді тұрғындар. Бірақ кооператив «қарызсыңдар