Без рубрики
Тәуелсіздіктің 25 жылдығында 25 кеме шығарылды
Осыдан ширек ғасыр бұрын Қазақстанда кеме құрылысы өндірісінің негізі қаланды. Елімізде тұңғыш рет өз кемелеріміз суға түсіріліп, Каспий айдынының шекарасын күзетуге бет түзеді. Бұл - Тәуелсіздік тартуы. 25 жылда «Зенит» зауытымен қоса, өңірде өзге де жүздеген кәсіпорын өндіріс қуаттылығын арттырды. Өнім түрлерін көбейтіп, шаруашылық нысанын кеңейтті. «Зенит» зауытына биыл - 75 жыл. Бірақ кәсіпорынның тек Тәуелсіздік таңы атқан кезде ғана кеме жасай бастағанын біреу білсе, біреу білмес. Сол кезде қорғаныс саласында қызмет еткен Ахметжан Мәулешұлы Қазақстанда алғаш рет кеме өндірісін қолға алу