Тексеріс кезіндегі заң бұзушылықтар азаймай тұр
Жыл басынан бергі 7 айда тіркелген тексерістер көлемі 18 %-ға азайған. Кәсіпкерлік саласында бұл көрсеткіш төрт есеге төмендеген. Бірақ бірқатар заң бұзушылықтар да бар. Бұл туралы облыстық құқықтық статистика басқармасында өткен семинар-кеңесте талқыланды. Бақылау мен қадағалау органдарының тексерістері бұрынғыдан әлдеқайда азайды. Алайда тексерушілердің өздері заңды белден басып жатады. Мәселен, кәсіпкерлік кодексіне сай, тексеріс алдында бизнес өкілдерін 30 күн бұрын жазбаша хат түрінде құлақтандыру керек. Және тексерістің күні мен нысаны көрсетілуі тиіс. Алайда бұл талап сақталмайды. 7 айд