ТШО-мен жұмыс істеу –зор жетістік және одан әрі дамуға жол ашатын мүмкіндік
Мұнай саласы тек мұнай өндіруші компаниялардан ғана емес, сонымен қатар мұнай өндірісін жүзеге асыруға көмектесетін көптеген сервистік компаниялардан тұрады. Мәселен, Маңғыстау облысында Қазақстандағы ең ірі мұнай өндіруші кәсіпорын саналатын «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) сияқты мұнай-газ саласының алыбымен серіктестік орнатқан бірқатар компаниялар бар.ТШО-мен ынтымақтастық көптеген кәсіпорындарды жергілікті кадрлармен қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар қызметкерлердің кәсіби шеберлігін жетілдіруге, біліктілігін арттыруға ықпал етіп, кәсіби мүмкіндіктерін жаңа деңгейге көтеруде. «Мұнайгазқұ