• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Түрмеге аспен келген айла: Ақтөбеде абақтыға телефон алып кірмек болған

Ақтөбеде орналасқан №8 түзету мекемесінде бір күнде екі заң бұзушылық тіркелді.
Түрмеге аспен келген айла: Ақтөбеде абақтыға телефон алып кірмек болған
Ұлттық ұланның фотосы

Ақтөбеде орналасқан №8 түзету мекемесіне бір күнде телефон мен ақша алып кірмек болғандардың жолы кесілді. Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі хабарлады. Оқиға оныншы тамызда болған.

— Ұлттық ұланның 6655 әскери бөлімінің әскери қызметшілері мекеменің режим және жедел бөлімдерінің қызметкерлерімен бірлесіп, тексеру шараларының кешенін жүргізді, — деп хабарлады Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.

Главный баннер

Тексеріс нәтижесінде сағат 15:50-де мекеме қызметкерлері «Строй-Проф» компаниясының жүргізушісінен 20 000 теңге көлеміндегі ақша қаражатын тауып, тәркіледі. Оның ішінде номиналы 10 000 теңгелік екі банкнот болған.

Екінші заң бұзушылық сағат 16:30 шамасында тіркеліпті. Сотталғанға сәлемдеме әкелген адамның заттары мен азық-түлік өнімдерін тексергенде донердің ішінде шағын телефон анықталған. Ұялы телефонды алып кірмек болған тұрғынға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданған.

Главный баннер --> after article