«WESTKAZINVEST-2017» жаңа инвестициялық жобаларға жол ашты
Облыста жылына бір жарым мың тонна қызанақ алынатын жылыжай құрылысы басталмақ. Орал әуежайы қайта жаңғыртылып, кәсіпкерлерге қаржылай қолдау берілмек. Бұл ІV «WESTKAZINVEST-2017» халықаралық инвестициялық форумының нақты нәтижесі. Егер өңір өндірісін сараптасақ, бізде темір сынығынан бастап кемеге дейін шығарылады. Кірпіштен мұнай-газға дейін өндіріледі. Ет, сүт, нан мен көкөністің де түр-түрі сөреде тұр. Қарап тұрсаң, бәрі бар. Бірақ әлеует бұдан да зор. Сол әлеуетті берекелі бағытқа жұмсап, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру – маңызды міндет. - Өңірдің бизнес-климатын жақсарту үшін