Без рубрики
ЗАҢСЫЗ ЖҮРГЕН 300 ШЕТЕЛ АЗАМАТЫ АНЫҚТАЛҒАН
1-ші қыркүйекте басталған «Участок» алдын алу сауықтыру шарасы барысында облыста заңсыз жұмыс жасап жүрген 300-ден астам алыс-жақын шет елдің азаматтары анықталыпты. Олардың барлығы да ел аумағынан шығарылған. Полицейлер нәпақа іздеп Қазақстанға келгендердің заңды түрде еңбек етуін қатаң қадағалаймыз деп отыр. Көктем келіп, күн жылынысымен құрылыс нысандарында жұмыстың қызатыны белгілі. Шекара асып, екі қолға бір күрек іздеп Қазақстанға келетіндер үшін бұл таптырмайтын мезгіл. Әсіресе, ала шапандылардың қарасы көп. Оларға біздің елде жүріп-тұруға рұқсат ететін 3 айға миграциялық карточка толты