Без рубрики
ЖАҢА АЛАҢ АУМАҒЫНДА 250 ТҮП КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай шаһардың 7-ші шағынауданында 250-ден астам түп көшет отырғызылды. Жаңа алаң мен Достық үйінің аумағы жасыл желекпен көмкерілді. Экологиялық акцияға Ассамблея мүшелері, ардагерлер мен халық қалаулылары, кәсіпкерлер мен студенттер және «Экспедиция — 25» жорығының мүшелері қатысты. Сенбі күнгі таңның салқындығына қарамастан, аға ұрпақ ағаш отырғызуды әнмен бастады. Сергек рух, көтеріңкі көңіл-күй шараның шырайын ашты. - Жастармен бірге біздер, ардагерлер де өзіміздің үлесімізді қосайық деп осы сенбіліккекеліптұрмыз. Қаламыз көркейе берсін. Қазақстандағы ең әдемі қ