Жайық қалашығын жаңғыртуға қаржы қажет
Алтын Орда дәуіріндегі көне шаһар ортағасырлық Жайық қалашығын қалпына келтіру үшін қаражат тапшы. Батыс Қазақстандағы еліміздің 100 киелі орны тізіміне енген тарихи ескерткішті ашық аспан астындағы музейге айналдыру көзделген. Бұл ұсыныс 4-5 жылдан бері көтеріліп келеді. Алайда қаржының жоқтығы қолбайлау. Ғалымдар енді «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында бұл мәселе шешіледі деп үміттенеді. Оралдан 12 шақырым қашықтықтағы қаланың орны осыдан 16 жыл бұрын табылған еді. Ғалымдар оны шартты түрде Жайық қалашығы деп атады. Ол Алтын орда кезеңіне жатады, яғни 13-15 ғасыр. Кейін алып империя құ