«Жайықжылуқуат» АҚ жоспарлы жөндеу жұмыстарын аяқтады
Бүгінде жылу электр орталығының қосалқы құрылғысын, жылу желілерін және қазандықтарды жөндеу толық аяқталған. Алайда 60 жылдары салынып, тозығы жеткен жылу орталығын қайта жаңғырту күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Осы мақсатта Еуропаның даму банкімен келісім жасалды. Банктің қаржысына нысанда техникалық-экономикалық зерттеу жүргізілді. Оның қорытындысы 19 қыркүйекте белгілі болмақ. Күрделі жөндеуді 2018 жылы, бу турбиналарынан бастау жоспарланып отыр. - Бірінші бу турбинасы 1960 жылы іске қосылса, үшінші турбина 1969 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бірінші турбина 10 мгвт, үшінші турбина 8 мгвт