Жапондықтар Оралда деректі фильм түсірмек
Жапон еліндегі «TOKYO VIDEO CENTER INC» компаниясының тілшілері шорт-трек спортының Қазақстан Республикасында дамуы туралы Жапонияның «NHK» Ұлттық телеарнасына деректі фильм түсіру үшін арнайы сапармен Орал қаласына келді. Жапондықтар елімізге танымал спортшылар, шорт-тректен халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Нұрберген Жұмағазиев пен Абзал Әжіғалиев және шорт-тректен ұлттық құраманың бас бапкері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мәдіғали Қарсыбеков туралы деректі фильм түсіруде. Айта кетейік, жоғарыда аттары аталған екі спортшы келер жылдың ақпанында Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында ө