Жастар ісі жөніндегі қалалық кеңестің кезекті отырысы өтті
Онда жастардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған түрлі мәселелер талқыланды, деп хабарлайды "Мой ГОРОД" порталының тілшісі. Қалалық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық маусым айында ашылған болатын. Қазір орталықта 15 маман қызмет атқарады. Яғни, оралдықтарға жоғары оқу орындарына құжат тапсыру, жұмысқа орналасу, жат ағымдардан сақтану, жаңа идеяларды іске асыру бойынша жан-жақты кеңес береді. - Теологиялық сұрақтармен аптасына бізге 50-ден астам жастар хабарласып, жолығады. Толғандырған мәселелеріне жауап алады. Нәтижелі жұмыстардың бірі деп, «Uralsk еducation» жобасын айтуға болады.