«Жасыл ел» еңбек жасағына жалақы ретінде төленуге 80 млн теңге бөлінді
Бұл жөнінде «Жасыл ел» еңбек жасағының жетекшісі Қанат Досмағамбетов мәлімдеді. Қаражаттың 52 миллион теңгесі республикалық бюджеттен бөлінсе, 30 миллион теңге облыстық бюджеттен қарастырылған. Биыл көп жылдан бері алғашқы рет «Жасыл ел» еңбек жасағының жастарына жаңа киім үлгісі тігіліпті. Жауын-шашынды, ыстық күндерге қолайлы форманың түсі жасыл болып өзгерген. Осы жазда 1175 жас «Жайық таза қала» ЖШС-не қолғабыс беріп, қаланы абаттандыру, жасылдандыру, көгалданыдыру жұмыстарын атқаратын болатын. Оның ішінде 500 квотаны Орал қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мекемесі бөліп отыр, ал 3