Без рубрики
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫНА 35 ЖЫЛ
Қазан айында Орал қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының құрылғанына 35 жыл. 1981 жылы жарияланған бұйрық негізінде облыстық ауруханадан өз алдына бөлінген станцияда қазір 22 бригада жұмыс жасайды. Атаулы күні олар тұрғындарға көрсетілетін жедел, сапалы және уақытылы медициналық жәрдем жасау бойынша өзара сынға түсті. Жедел медициналық жәрдем станциясының жұмысы бір сәтке де толастаған емес. 103 нөміріне қоңырау шалынысымен атқа қонатын ақхалаттылар - адам өмірінің арашашылары. Бастапқыда бар болғаны 8 көшпелі бригада болса, қазір олардың саны 22-ге жеткен. Ендігі жоспар, мұндай шұғыл т