Жолаушы көліктері қызметтерінің сапасын арттыру үшін оңтайландыру әдісі қолданылмақ
Орал қаласында осы мақсатта барлық қоғамдық көліктердің шығыны мен олармен қатынайтын жолаушылар саны, жүру сұлбасына қатысты ақпараттар бірнеше айлар бойы жинақталып, қаралып жатыр. Бұл орайда оңтайландыру қанат қақты жобасын мамандар өзге қалалардың тәжірибелеріне сүйеніп жүзеге асырмақ. Шаһарымыз біртіндеп өсіп келеді. Соған сай қоғамдық көліктердің де жүру сұлбалары ұзарып, бірінші кезекте жолаушы тасымалдаушыларға жанар-жағармай шығыны сынды тиімсіз тұстары артуда. Қалада 33 автобус маршруты болса, оның 17-сі әлі газель көліктерінен арыла алмай отыр. Сол себепті оңтайландыру әдісін жолауш