Қала бюджеті қайта нақтыланды

Июнь 13, 2017, 14:39 903 0

Орал қалалық мәслихатының кезекті 12-ші сессиясы өтіп, 2017-19 жылдарға арналған бюджет қайта нақтыланды.

Қала бюджеті қайта нақтыланды sessiya gor

Атап айтқанда құрылыс саласы қосымша қаржыға ие болды. Яғни, салынатын тұрғын үй, жөнделетін жол, абаттандырылатын аулалар саны арта түсті. Бұған қоса сессияда шаһардың екі тұрғынана «Орал қаласының құрметті азаматы» атағын беру туралы шешім қабылданды.

Қалалық қазына 3 млрд. 566 млн. теңгеге ұлғайып отыр. Бұл республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінген қаражат пен кірістер есебінен мүмкін болды. Нақтыланған соманың басым бөлігі құрылыс саласына бағытталмақ.

- Республикалық бюджет қаражаты есебінен Зачаган кентіндегі №6, 39 дақ бойынша екі тұрғын үй құрылысының басталуына трансферттер қарастырылды. Облыстық бюджет қаражаты жол-көпір шаруашылығын күтіп ұстауға – 420 миллион 659 мың теңге, аялдама павильондарын орнатуға – 8 млн. 500 мың теңге, аула аумақтарын абаттандыруға 69 млн. 655 мың теңге, автомобтль жолдарын және елді мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеуге 235 млн 726 мың теңге қаралды, - деп баяндады Орал қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Альмира ТӨЛЕГЕНОВА.

Келер жылғы құрылыс жұмыстарын дер кезінде бастау үшін, жоспарлы нысандардың жобалық-сметалық құжатамаларына қаржы қарастырылды. Атап айтқанда тұрғын үй құрылысын бастап, жүргізу, инженерлік желілерді тарту, көшелерді жаңарту, аулалар мен кварталішілік аумақтарды жайғастыру жобалары әзірленеді. Ұсынылған өзгертулер есебінен қалалық бюджет көлемі 30 млрд 395 млн теңгені құрады.

Сондай-ақ сессияда есімдері белгілі екі адамға «Орал қаласының құрметті азаматы» атағын беру туралы шешім қабылданды. Өңірдегі білім беру саласының өркендеуіне зор үлес қосқан Өтебай Құспанов пен Шалқыма Құрманалинаға куәлік пен төсбелгі салтанатты жағдайда табыс етілді.

- Мынау біздің еңбегімізді бағалап, осындай үлкен атақ беріп жатқаныңызға шын жүректен рахметімді айтамын. Алдағы уақытта да еліміздің дамуы мен Елбасымыздың саясатын қолдау бағытында өз көмегімізді аямай, септігімізді тигіземіз. Әсіресе, мынау соңғыдағы «Рухани жаңғыру» бағытындағы іс-шараларды жүзеге асыруға біз өз күшімізді салып, еліміздің жастарын патриоттық рухта тәрбиелеуге, елді сүюге баулуға үлес қосамыз деп сендіремін, - деп алғысын айтты білім саласының құрметті қызметкері Өтебай ҚҰСПАНОВ.

Бұл атақ шаһардың дамуына зор үлес қосқан азаматтарға лайықты құрметтің көрінісі болып табылады.

Новости партнеров

Арман КУРМАНАЛИЕВ

Marat

Если вы стали очевидцем какого-либо происшествия

ПРИСЫЛАЙТЕ ФОТО, ВИДЕО И КОРОТКИЙ ТЕКСТ НА 8 776 863 36 36

Если ваша новость появилась на нашем сайте, вас ждет вознаграждение.

Қала бюджеті қайта нақтыланды

Июнь 13, 2017, 14:39 0 903 Версия для печати

Загрузка...
Загрузка...
Lentainform-->

Добавить комментарий

Последние новости