Қаладағы құрлыстардың сапасы қатаң қадағаланады

Июнь 18, 2017, 15:27 881 0

Биыл қаламызда 4 балабақша күрделі жөнделіп, үш мектеп жаңадан салынады. Сондай ақ бюджеттен бөлінген 8 млрд. теңгеге 72 шақырым көшені  жаңғырту жоспарланып отыр. Жоспарлы жұмыстарымен қала әкімі Нариман Төреғалиев танысып, сапаға мән беруді тапсырды.

Новости Уральск - Қаладағы құрлыстардың сапасы қатаң қадағаланады 1-800x6001

Жол мәселесі әлі біраз уақыт оралдықтардың ат-көлігін аздырып, жүйкесін тоздыратын түрі бар. Шұрық-тесік көшелерді жөндеу жыл өткен сайын жанданса да, сол құрлыстың сапасы сын көтермей тұр. Төселген жол бір жыл өтпей жатып үгітіліп, ойқыш-ұйқыш күйге түседі. Тіпті міндетін жауапсыз атқарған бірқатар мердігерлердің ісі сотта қаралды. Ал биыл шаһарда ұзындығы 72 шақырым көше күрделі жөндеуден өтеді. Сондықтан құрылыс сапасын арттыру үшін қала әкімшілігі кепілдік мерзімін ұзартып отыр.

- Құрылыстың сапасын арттыру мақсатында біз кепілдік мерзімін ұзартып отырмыз. Биыл орташа жөндеу жұмыстарына 3 жыл беріп отырмыз. Күрделі жөндеу мен жаңадан салынып жатқан жолдарға 7 жыл кепілдік мерзім, - деді Орал қаласының әкімі Нариман ТӨРЕҒАЛИЕВ.

Есқалиев көшесіндегі 182-ші үйдің салынғанына жарты ғасырдан асса да, жағдайы жаман емес. Бір әттеген-айы, соңғы жылдары шатырдан су кете бастапты. Сондықтан тұрғындар төбенің түбегейлі бұзылуын күтпей, жөндеуді қолға алған. 13 млн. теңгеге бағаланған құрлыс жұмыстарымен танысқан әкім сапаға мән беруді тапсырды.

Биыл тұрғын үй кешенін жаңғырту бағдарламасы бойынша Оралда 7 көпқабатты баспананы күрделі жөндеу жоспарланған. Бұған қоса апатты үйлер де ерекше назарда. Мәселен, Құрманғазы көшесіндегі 198-үйдің орнына инвесторлар жаңасын салуды көздеп отыр. Қазір сүру жұмыстары басталды.

- Бұл жерде инвестор барлығын өз есебінен атқаруда. Яғни олар инженерлік желілерді тартып, баспананы салып бермек. Біз тек тұрғындарды көшіріп, құрылыс жүргізуге жер үлесін рәсімдеп бердік. Қазір қала бойынша апатты үйлерді сүруге бағытталған кешенді бағдарлама жасақталуда. Нақты жұмыстар басталады. Қала бойынша екі үй бұзылып, орнына үй салынады, - деп түсіндірді тілшілерге Орал қаласының әкімі Нариман ТӨРЕҒАЛИЕВ.

Биыл бірқатар білім мекемелері ретке келтіріледі. «Колобок» балабақшасын күрделі жөндеуге бюджеттен 108 млн. теңге бөлінген. Қазір жоспарлы жұмыстың 70 пайызы атқарылған. Қалалық №4 орта мектепті жаңғырту да қарқынды жүруде. Апатты жағдайдағы мектептің құрлысына 900 млн.теңге бөлінген. Мердігер нысанды уақытынан бұрын тапсыруды көздеп отыр.

- Құрылыс 18 айға жоспарланағанмен, жыл соңына дейін бітіреміз. Қазір мұнда 70 адам еңбек етуде. Оның 8-і жұмыспен қамту орталығы арқылы келді. Құрылыста пайдаланып жатқан материалдардың 95 пайызы өзіміздің отандық өнім, - дейді «Альтаир» жшс директоры Сергей ПОТИЧЕНКО.

Депо көпірін бұзу жұмыстары аяқталып, бетон тіреулердің орнын бұрғылау жүруде. Бұл құрлыстың белгіленген кестеден алда келе жатқанын көрсетеді. Қазір қажетті материалдар жеткізілген, жөндеу жұмыстарына кедергі жоқ.

Атқарушы билік барапынан қаладағы әр құрлыс қатаң бақылауға алынып, сапасына көңіл бөлінетін болады.

Новости партнеров

Арман КУРМАНАЛИЕВ

Marat

Қаладағы құрлыстардың сапасы қатаң қадағаланады

Июнь 18, 2017, 15:27 0 881 Версия для печати

Если вы стали очевидцем какого-либо происшествия

ПРИСЫЛАЙТЕ ФОТО, ВИДЕО И КОРОТКИЙ ТЕКСТ НА 8 776 863 36 36

Если ваша новость появилась на нашем сайте, вас ждет вознаграждение.

Новости партнеров
Загрузка...
Загрузка...
Lentainform-->

Добавить комментарий

Последние новости