Қазақстан кезең-кезеңмен цифрлық эфирлік телехабар таратуға көшіп жатыр

Август 26, 2022, 10:38 2121 0

Соңғы жылдары технологиялар шапшаң дамып жатыр, мұны, әсіресе ақпарат жеткізудің жаңа әдістерінің енгізілуінен анық байқауға болады.

«Қазтелерадио» акционерлік қоғамының жаңа заманға сай техникалық шешімдерінің арқасында 2018 жылдан бастап аналогты телевизия өшіріліп, цифрлық эфирлік хабар таратуға кезең-кезеңмен көшу басталды. Бүгін жоғары сапалы кескін және дыбыс беретін сигналдар Маңғыстау, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Жетісу, Павлодар, Қостанай облыстарының, сондай-ақ, Елорда тұрғындары мен қонақтарына, Алматы және Шымкент көрермендеріне қолжетімді. Республиканың 92,43% жері ЦЭТВ-мен қамтылған.
Цифлық Эфирлік Телевизия дегеніміз не өзі? Жәй сөзбен түсіндіретін болсақ, бұл – сигналды жеткізудің жаңа технологиясына көшу. Аналогты сигнал ауылдық жерлерге тек 2-3 арна жеткізетін, әрі ауа-райы құбылыстарына төзімсіз болатын, сондықтан жиі-жиі дұрыс көрсетпейтін.

Қазақстан кезең-кезеңмен цифрлық эфирлік телехабар таратуға көшіп жатыр Қазақстан кезең-кезеңмен цифрлық эфирлік телехабар

Цифрлық эфирлік телевизия неғұрлым сапалы кескін мен дыбыс қабылдауға мүмкіндік береді, ең бастысы, трансляцияланатын арналардың санын бірнеше есе арттырып, облыс орталықтарында 30-ға дейін, тіпті ең шалғай аудандарда 15-ке жеткізді. Бұдан басқа, қазір абоненттерге түрлі сервистер қолжетімді, оның ішінде телебағдарлама, қаралатын телехабардың қысқаша сипаттамасы және т.б., бір сөзбен айтқанда, аналогты хабар таратудан цифрлық хабар таратуға көшу көрермендер үшін де, ұлттық оператор ретінде хабар тарататын «Қазтелерадио» АҚ үшін де алға басқан үлкен қадам.

Цифрлық Эфирлік Телевизия абоненті болу өте оңай, ол үшін теледидарға цифрлық сигнал қабылдайтын жалғама құрал мен дециметрлік антеннаны жалғасаңыз жеткілікті – Сіздің алдыңызға керемет сапамен көрсетілетін отандық арналардың тізімі шығады. Айтпақшы, заманауи теледидарлардың көбінің ішіне цифрлық эфирлік сигнал қабылдағыш салынған, ол кез келген бағдараламаны жалғама құралсыз көруге мүмкіндік береді. Ең маңыздысы, цифрлық эфирлік ТВ топтамасындағы арналар су тегін таратылады.
Сонымен, Цифрлық Эфирлік Телевизияға көшу дегеніміз, бұл – республикалық маңызы бар қалалар мен облыстық орталықтарынан алыс тұратын болсаңыз да, сүйікті хабарларыңызды тегін әрі керемет сапамен көру мүмкіндігі.

Қалай қосылуға болатыны және жабдық сатып алу туралы толық ақпаратты www.tsetv.kz сайтынан, сондай-ақ, ұялы операторларға тегін 8 8000 800 193 нөмірі немесе 193 нөмірі арқылы ала аласыз.

Новости Компаний

Мы дорожим каждым нашим подписчиком и читателем, поэтому, пожалуйста, внимательно ознакомьтесь с рекомендациями при комментировании.

Город

Стали очевидцем происшествия?

ПИШИТЕ НА 8 776 863 36 36

Если ваша новость появилась на нашем сайте, вас ждет вознаграждение.

Қазақстан кезең-кезеңмен цифрлық эфирлік телехабар таратуға көшіп жатыр

Август 26, 2022, 10:38 0 2121 Версия для печати

Если вы стали очевидцем какого-либо происшествия

ПРИСЫЛАЙТЕ ФОТО, ВИДЕО И КОРОТКИЙ ТЕКСТ НА 8 776 863 36 36

Если ваша новость появилась на нашем сайте, вас ждет вознаграждение.

Добавить комментарий

Последние новости
Сообщить новость